Республика күніне орай «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс және қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Арыстанбек Шарыпов «Құрмет» ордені мемлекеттік наградасымен марапатталды.

«Самұрық-Қазына» тобының жұмысшылары мемлекеттік наградалармен марапатталды

Республика күніне орай «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс және қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Арыстанбек Шарыпов «Құрмет» ордені мемлекеттік наградасымен марапатталды.

«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов атап өткендей, Қордың ең басты құндылығы – адамдар. Олардың еңбегінің арқасында ел экономикасын нығайтып, өңірлерді дамытатын және жаңа жұмыс орындарын ашатын жобалар жүзеге асырылуда.

Әр марапаттың астарында жылдар бойғы адал еңбек, жауапкершілік, кәсіби шеберлік пен өз ісіне деген сүйіспеншілік жатыр.

Марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз, жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз!


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою