2025 жылдың алғашқы 6 айында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан Samruk-Kazyna Trust қоры жалпы сомасы 6 млрд теңгеге 21 жаңа жобаны іске асырды. Басты бағыттар: инклюзия, медицина, білім, мәдениет және спорт. Жобалар аясында 200 мыңға жуық адам қайырымдылық көмегін алып, 168 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Инклюзия:
Алматыда ерте араласу орталығы, Астанада инклюзия кабинеті ашылды.
Қайырымдылық марафоны барысында 208 млн теңге жиналып, қыркүйек айында тағы 10 жаңа кабинет ашылады. Ел бойынша бүгінде: 46 оңалту орталығы, 15 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істеп тұр.
Медицина:
«Саламатты Қазақстан» пойызы 123 ауылды аралап, 90 мың адамға медициналық және құқықтық көмек көрсетеді.
Мәдениет:
Оралда – Ozge Epic креативті хабы,
Қызылордада – ірі тарихи-мәдени орталық,
Семейде – көру қабілеті төмен жандарға арналған инклюзивті кітапхана ашылды.
Спорт:
Қажымұқан ауылында 188 балаға арналған спорт кешені пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін тағы
Білім:
«Самұрық Үміті» және «Туған елге саяхат» жобалары арқылы 500 оқушы STEM бағытында оқытылуда.
ExxonMobil компаниясымен серіктестікте Атыраудағы 250 әйел заманауи технология бойынша білім алуда.
Жоспар:
Жыл соңына дейін Астана, Көкшетауда, Атырау облысының Құлсары қаласында 16 инклюзия кабинеті,
9 оңалту орталығы, 2 спорт нысаны: с. Дәулет (Маңғыстау обл.), с. Жаңаөмір (БҚО).
Таразда ұзақ өмір сүру орталығы, Доссорда мұражай-кітапхана ашылады.