«Соғыстың шерлі әуезі» атты театрландырылған қойылымдар байқауы

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Екібастұз ГРЭС-2 станциясының кәсіподақ комитеті «Соғыстың шерлі әуезі» атты театрландырылған қойылымдар байқауын ұйымдастырды. Кәсіпорын қызметкерлері «Мақпал» мәдениет үйінің сахнасында өнер көрсетіп, көрермендерге Ұлы Отан соғысы жылдарынан үзінділер көрсетіп, тарихтан сыр шертті.

Қойылымдардың тартымды болғаны соншалықты, қазылар алқасының мүшелері шешім қабылдауда біраз пікірлесті. Қызу талқылаудан кейін қазылар алқасы қорытындыны жариялады:

Гран-при – Емдік-профилактикалық қызмет
1 орын – Жастар активі
2 орын – Жылу автоматикасы және өлшеу цехы
3 орын – Өндіріске дайындау цехы

Көрермендер көзайымы – Өндіріске дайындау цехы


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою