24-25 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлерінің арасында VII Спартакиада Суперфиналының қорытынды ойындары өтті.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен ең мықты спортшылар жиналған спорт аренасындағы құштарлықтың қызуы жанкүйерлерді соңғы секундқа дейін ширықтыра ұстап тұрды.
«Самұрық-Энерго» АҚ энергетиктері туының астында жеті құрама команда өнер көрсетті, олар: «Самұрық-Энерго» орталық офисінің, Екібастұз ГРЭС-1, ГРЭС-2, «Богатырь-Көмір» ЖШС, «АлЭС» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері.
Жарыс қорытындылары бойынша, 65 кг дейінгі салмақта армрестлингтен әйелдер арасында жүлделі 3-орынға әріптесіміз, Металлдар лабораториясының құжаттама жөніндегі технигі Гринченко Кристина Юрьевна ие болды.
Бұл естеліктер Суперфиналдың әр мүшесінің жүрегінде мәңгі қалатынына сенімдіміз!
Спартакиада – ұмытылмас эмоциялар мен өшпес әсерлер!