100-ден астам киіз үйлерден тұрғызылған этноауыл Баянауыл ауданы Ескелді шатқалында орналасты.
Екібастұз ГРЭС-2 станциясы тіккен киіз уйде Екібастұз тарихи-өлкетану музейі «Исабектей ишан жоқ бұл Арқада» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұстазы, философ Исабек Ишан Хазірет туралы ақпарат пен құнды деректер ұсынылды.
Мерейтой барысында мерекелік концерт, айтыс, ұлттық спорт түрлері Көкпар мен Аламан бәйге, қазақша күрес, қолөнершілердің саудасы және т.б. ұймдастырылды.
Осылайша, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтілді.