Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік есеп және аудит) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі және бухгалтер лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Жұмыс бағыты: құжаттарды өңдеудің бірыңғай технологиясын қамтамасыз ету, салыстырмалы және дұрыс салық және қаржылық есептілікті жасау; “1С Кәсіпорын” бағдарламасына орындалған жұмыстар бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдау, бақылау және енгізу; “1С Кәсіпорын” бағдарламасына есепке алу учаскесі бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдау және енгізу; есепке алу учаскелері бойынша бақылау.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: SUrazaeva@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі 358) телефоны бойынша хабарласу.