ЖАС ЭНЕРГЕТИКТЕР

9 ақпан күні “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Жастар активі жаңа төрағасын сайлау жиынын өткізді.

Қатысушылар жиналыс барысында өз пікірлерімен бөлісіп, төрағалық лауазымына лайықты үміткерлерді ұсынып отырды. Ашық талқылаулар мен дауыс берулердің нәтижесінде, диспетчерлік технологиялық басқару құралдары цехының электр қондырғыларын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтері Нуртанов Нариман Оразбекұлы Жастар активінің жаңа төрағасы болып сайланды.

Күн тәртібіне сәйкес Жастар активінің экс-төрағасы Жәнібек Мұхтарұлы жас энергетиктердің 2022 жылы атқарған жұмысы туралы баяндама жасап қорытындылады. Сонымен қатар, жаңа сайланған төраға Нуртанов Нариман ағымдағы жылға жоспарланған жобалармен бөлісіп, мақсаттарды белгілеп өтті. Жалпы күн тәртібіне қойылған мәселелерді талқылау кезінде жастар белсенді түрде ат салысып, өз пікірлерімен бөлісті.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою