Екібастұз ГРЭС-2 станциясы спортшылары өздерінің жүлделерімен тағы да қуантуда.
Алматы облысы Талғар қаласында өткен армрестлинг бойынша ардагерлер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында әріптесіміз, отын-көлік цехының тепловоз машинисі Зейнолла Тусупов қола медаль жеңіп алды.
ГРЭС-2-де ол 30 жылдан астам еңбек етеді. Станция қызметкерлері үшін ол тек тамаша әріптес ретінде ғана емес: ашық және күлімсіреген, сонымен қатар спорттық аренадағы атақты тұлға болып табылады. Армрестлинг спорт түрімен Зейнолла Тусупов 1990 жылдардан бері айналыса бастады. Оның спорттық мекені Солнечный кентінде орналасқан Екібастұз ГРЭС-2 станциясының бассейніндегі тренажер залы болып табылады, өзін-өзі оқытып жаттығып келеді. “Алғаш рет Солнечный кентінде Наурыз мерекесі кезіндегі жарыста өз күшімді сынап көрдім. Сөйтіп мен 1-ші орын алдым. Нәтиже қуантты. Содан бері енді жыл сайын жарыстарға қатысып жүрмін”, – дейді әңгімелесушіміз.
Әрбір жекпе-жектен кейін Зейнолланың жетістіктері еселей берді: қалалық жарыстар облыстық, ал облыстық республикалық жарыстарға ауысты.
Чемпион алда келе жатқан «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының VIII спаратакиадасына дайындалып қатысқалы жатыр. Осы күнге дейін спартакиаданың жыл сайынғы қатысушысы болып табылады.
Спортшымызды құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!