“Самұрық-Қазына” АҚ портфельдік компанияларының, олардың еншілес ұйымдары мен филиалдарының “Жеті Қадам” жас көшбасшыларды дамыту модульдік бағдарламасының жас мамандары тәжірибе алмасу мақсатында Екібастұз ГРЭС-2-де болды.
Экскурсия гидтері ГРЭС-2 Техникалық басқармасының өкілі Андрей Сайфутдинов және Жастар активінің төрағасы Нариман Нуртанов болды. Қордың жас мамандарына станцияның негізгі цехтары мен бөлімшелерінің жұмысы және электр энергиясын өндіру кезеңдері туралы айтылды.