Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты (экономика, менеджмент, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, құрылыс) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жобаларды басқару, инвестициялар, экономика немесе қаржы саласындағы мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Жұмыс бағыты:
Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту жобаларының (жұмыс кеңестері, Басқарма, Директорлар кеңесі, акционерлер, мемлекеттік органдар, БАҚ және басқа да мүдделі ұйымдар) орындалуының ағымдағы мәртебесі бойынша ақпаратты, анықтамаларды, түсіндірме жазбаларды ұйымдастыру, жинау, дайындау және уақтылы ұсыну;
Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту жобаларын іске асыруға БНАЖ-мердігерлік шартқа, өзге де елеулі шарттарға өзгерістер жасау/енгізу жөніндегі процесті сүйемелдеу;
Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту жобаларын іске асыру үшін кредиторлар үшін қаржылық, техникалық аудиттер бойынша тұрақты есептерді, контрагенттердің санкциялық тексерулерін ұйымдастыру, сүйемелдеу, тексеру.
Түйіндеме мен Дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: RSeytahmetov@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі.378) телефон арқылы хабарласу.