Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және I санаттағы экономист лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл, не инвестициялар, экономика немесе қаржы саласындағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Жұмыс бағыты:
Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту жобалары бойынша сақтандыру шарттарын жасасу/түзету үшін деректерді жинау, ақпараттарды дайындау және уақтылы ұсыну, сондай-ақ сақтандыру брокерлерімен үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау;
кредиторлар мен акционерлер үшін Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту жобаларының тәуекелдері бойынша есептерді дайындауға, тексеруге қатысу;
Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту жобаларының тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарымен, тәуекелдер тіркелімімен жұмыс;
кредиттік қаржыландыруды ашу үшін Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту жобалары бойынша деректерді жинау, ақпаратты дайындау және уақтылы ұсыну, бизнес-жоспарларды, қаржылық модельдерді дайындауға қатысу.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: RSeytahmetov@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі.378) телефон арқылы хабарласу.