Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары немесе (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ұйымның тиісті бейінінде экономикалық қызмет түріндегі басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Жұмыс бағыты:
1) жалпы станция бойынша негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеуді ұйымдастыру және бақылау;
2) Қоғамның жабдықтарын жөндеу үшін қосалқы бөлшектерге қажеттілікті айқындай отырып, жөндеу жұмыстарын дайындауды ұйымдастыру;
3) жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысатын Қоғамның өндірістік бөлімшелерінің қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
4) жабдықты күрделі жөндеуді және жаңғыртуды жоспарлау жөніндегі жұмысқа қатысу;
5) жабдықтың тозу, апаттар мен тоқтап қалу себептеріне талдау жүргізу, олардың себептерін тексеруге қатысу, олардың алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға 08.01.2024 ж. дейін электрондық мекенжайға жіберілсін: GAtymtaeva@gres2.kz, “Samruk Qyzmet” бірыңғай онлайн рекрутинг платформасында (www.qsamruk.kz) және 8(7187) 227510 (ішкі.337) телефоны бойынша хабарласу.