Жөндеулер және күрделі құрылысты жоспарлау, бақылау басқармасының жөндеулерді жоспарлау және бақылау тобының I санатты жөндеу жөніндегі инженері

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті мамандық бойынша (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құралдар жасау, көлік процестерінің технологиясы және тасымалдауды ұйымдастыру (логистика), автоматтандыру және басқару, радиотехника, құрылыс) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және II санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл не тиісті мамандықтар бойынша инженер болып жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Жұмыс бағыты: Инвестициялық бағдарламаны қалыптастыру кезінде күрделі жөндеуге, қалпына келтіру жұмыстарына, жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды және инвестициялық қызмет бойынша басқа да жұмыстарды ауыстыруға және реконструкциялауға арналған шығындар сметасын жасау; күрделі жөндеуге, қалпына келтіру жұмыстарына, жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды ауыстыруға, реконструкциялауға және т. б. орындалған жұмыстардың сметалары мен актілеріндегі еңбек шығындарының бағалары мен нормаларын тексеру және авариялық жұмыстарды жөндеу кестесіне сәйкес жөндеу жұмыстарының көлемін бақылау.

Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: RBayadilov@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі.207) телефон арқылы хабарласу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою