Жылу автоматикасы және өлшеу цехының пирометрия тобының шебері

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Тиісті мамандық бойынша білімі болмаған кезде өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Жұмыс бағыты: бақылау-өлшеу құралдарының учаскесіне бекітілген жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру; учаскеге бекітілген ЖАӨ жабдығының сенімді және апатсыз жұмысын қамтамасыз ету; НТҚ талаптарына сәйкес жұмыстың сапасы мен мерзімдерін қамтамасыз ету; бағынысты персоналмен еңбекті және жұмысты ұйымдастыру.

Түйіндеме мен дипломның көшірмесі  “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: RUteshev@gres2.kz және ” Samruk Qyzmet “Бірыңғай онлайн рекрутинг платформасына (www.qsamruk.kz) және телефон арқылы хабарласу: 8(7187) 227510(ішкі 385).


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою