Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Тиісті мамандық бойынша білімі болмаған кезде өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Жұмыс бағыты: бақылау-өлшеу құралдарының учаскесіне бекітілген жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру; учаскеге бекітілген ЖАӨ жабдығының сенімді және апатсыз жұмысын қамтамасыз ету; НТҚ талаптарына сәйкес жұмыстың сапасы мен мерзімдерін қамтамасыз ету; бағынысты персоналмен еңбекті және жұмысты ұйымдастыру.
Түйіндемені “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға келесі электронды мекенжайға жіберу керек: RUteshev@gres2.kz және байланыс телефондары: 8(7187) 227510(ішкі.385).