«Ардагерлер жолы – ұрпаққа аманат»

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және Энергетиктер күні қарсаңында Екібастұз ГРЭС-2 станциясында жас мамандар мен ардагерлердің жылы кездесуі өтті. Шараны кәсіподақ комитеті «Ардагерлер жолы – ұрпаққа аманат» атты тағылымды атаумен ұйымдастырды.

Кездесуге сала ардагерлері – Ахмедова Гүлфия Ибрагимқызы, Нұрахметов Жұмағали Рахметұлы, Касянова Татьяна Сергеевна, Әлжанова Замзагүл Жапбарқызы және Истамбекова Күләш Жабықбайқызы арнайы шақырылды.

Ардагерлер жастарға еңбек жолындағы естеліктерін, өндірістегі қиындықтар мен жетістіктер туралы әңгімелеп, жүрек түкпіріндегі жылы естеліктерімен бөлісті. Өз кезегінде жастар да өзін таныстырып, көкейіндегі сауалдарын қойып, аға буынға алғыс білдірді.

Буындар сабақтастығының белгісі ретінде ардагерлер жастар белсенділігінің жетекшісі Нариман Нұртановқа естелік кітап табыстап, қатысушыларға станцияның арнайы төсбелгісін сыйлады. Кәсіподақ комитетінің төрайымы Сәуле Галеева ардагерлерге шын жүректен алғысын білдіріп, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесі ұжым үшін баға жетпес мұра екенін атап өтті.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою