Наурызнама онкүндігін мерекелеу аясында, Ұлттық киім күніне орай Екібастұз қаласында түрлі кәсіпорын өкілдерінің басын қосқан «Ұлттық киім – ұлт мақтанышы» атты ұлттық киімдер фестивалі өтті.

Наурызнама онкүндігін мерекелеу аясында, Ұлттық киім күніне орай Екібастұз қаласында түрлі кәсіпорын өкілдерінің басын қосқан «Ұлттық киім – ұлт мақтанышы» атты ұлттық киімдер фестивалі өтті.

Аталған байқауда Екібастұз ГРЭС-2 станциясы атынан химиялық талдау зертханасының лаборанты Қайрбекова Аделя қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі 2-орынды иеленді.

Қатысушының образы ерекше жаңашылдығымен және креативтілігімен көзге түсті. Жасанды интеллект жылы аясында Аделя байқау талаптарына сәйкес өз сұранысы бойынша жасанды интеллект ұсынған эскизден шабыт алды. Сол образ негізінде ұлттық нақыштағы киімді өз қолымен тігіп шықты.

Киімнің атауы – «Ұлы Дала Аруы»
Ұлттық мәдениетті қастерлеп, заман ағымына сай жаңғырта білетін нәзік әрі заманауи арудың бейнесі. Бұл киім – қазақтың дәстүрлі нақышы мен қазіргі сән үрдісін үйлестірген ерекше образ.

Киімде қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері шебер қолданылып, әрбір элементіне терең мағына мен нақты сипаттама берілді. Ұлттық мұра мен заманауи технологияларды үйлестіре отырып, қатысушы мәдениетке деген құрметін және оны дамытуға деген ұмтылысын көрсете білді. Бас киім ретінде этно-модерн үлгісіндегі торлы тақия таңдалған. Бұл – дәстүрлі қазақ бас киімінің жаңаша интерпретациясы.

Бұл киім XXI ғасырдағы бойжеткен қыздарға арналған заманауи ұлттық стильдің көрінісі. Ол қазақ халқының бай мәдени мұрасын сақтай отырып, қазіргі жастардың талғамына толықтай сай жасалған.

Қайрбекова Аделя Екібастұз ГРЭС-2 станциясын асқақтатып, қалалық деңгейдегі байқауда өзін жоғары деңгейде танытып, шығармашылығы мен ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін айқын дәлелдеді.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою