Осы игі күні жерлестердің басын бір шаңырақ астына біріктірген Екібастұз ГРЭС-2 станциясы ауызашар дастарханын ұйымдастырды.
Станция қызметкерлері қасиетті айдың берекесін бірге бөлісіп, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Осындай тағылымды кездесулер ұжым арасындағы ауызбіршілікті арттырып, ортақ мақсат жолындағы ынтымақты одан әрі күшейте түседі.