Оқыту іс-шарасына қатысушыларды қарсы алған Павлодар облысының Кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова еңбек заңнамасының сақталуы бойынша қызметкерлердің құқықтарын сотқа жеткізбей қорғауға, әрбір қызметкерге жұмыс орындарында қолданыстағы еңбек заңнамасын түсіндіруге шақырды.
Павлодар облыстық соты мен Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру аясында оқытуға Павлодар қаласының ауданаралық азаматтық істер жөніндегі сотының судьясы Айгүл Хамитова қатысып, еңбек дауларын шешу кезіндегі сот тәжірибесінің өзекті мәселелерін түсіндірді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасы филиалының жетекшісі Марина Иванова Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 15-тарауы «Жеке еңбек дауларын қарау» ережелерін, дәлелді шешімді рәсімдеу мен қабылдаудың практикалық дағдыларын, сондай-ақ 2026 жылғы 7 сәуірдегі №277-VIII ҚРЗ «Қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес еңбек заңнамасының өзекті мәселелерін түсіндірді. Сонымен қатар еңбек дауларын сотқа дейін реттеу тетігіне делдал институтын енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Тестілеуден сәтті өткен қатысушыларға жыл сайынғы оқудан өткендігі туралы сертификаттар табысталды.
«Павлодар облысының электр-жылу энергетикасы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Светлана Зеленова Павлодар облысының Кәсіподақтар аумақтық бірлестігіне оқыту жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, келісу комиссиялары мүшелеріне еңбек дауы бойынша әділ әрі заңды шешім шығару миссиясын абыроймен атқаруға тілек білдірді.