Самұрық-Энерго компаниялар тобының XI Спартакиадасы аяқталды

Алматыда «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобы қызметкерлерінің XI Спартакиадасы өтті. Бұл шараға Қоғам мен еншілес ұйымдардың 600-ге жуық қызметкері қатысты.
Ашылу салтанатында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов құттықтау сөзінде спорттың командалық рухты нығайтудағы және жоғары нәтижелерге ұмтылудағы маңызды рөлін атап өтті.

«Қызметкерлердің белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануын қолдау – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Біз алдағы уақытта да корпоративтік мәдениетті дамытуға және ұжымдарымызда спортты насихаттауға қолайлы жағдай жасаймыз», – деді Қайрат Мақсұтов.

Ашылу салтанатының құрметті қонақтары қатарында танымал қазақстандық спортшылар — Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.

Жарыс бағдарламасы спорттың 13 түрін қамтыды: футбол, волейбол, баскетбол, жүзу, киберспорт, армрестлинг, үстел теннисі, шахмат, жеңіл атлетика, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері.

Біздің жеңімпаздар – мақтанышымыз!

Гринченко Кристина — Армрестлингтен (60 кг дейін) 1 орын
Умержанов Нурлан — Армрестлингтен 2 орын
Каржинкулова Мария — Армрестлингтен (60 кг жоғары) 2 орын
Сарбупеев Ерлан — Тоғызқұмалақтан 3 орын
Байтемирова Дарига — Тоғызқұмалақтан 3 орын
Бегляров Ровшан — Жүзуден 2 орын
Шнайдер Артем — Жүзуден 2 орын
Қыздар арасындағы волейбол командасы – 3 орын
Жанамерген Дарина — Волейболдан үздік байланыстырушы
Махиянов Равиль — Баскетболдан үздік ортаторуылшы

Самұрық-Энерго XI Спартакиада барысында Екібастұз ГРЭС-2 қызметкерлері жоғары дайындық пен мықты ерік-жігердің арқасында жүлделі орындарға ие болды. Бұл жеңістер – қажырлы еңбектің, табандылықтың және командалық рухтың жарқын көрінісі.

Әрбір жетістік ұжымымыздың абыройын асқақтатып, станциямыздың беделін арттыра түсті. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің табыстарыңыз – барша ұжым үшін үлкен мақтаныш пен шабыт көзі. Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, биік жетістіктерге жете беріңіздер!


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою