Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай бекітілген «Эколог күні» кәсіби мерекесі аясында ГРЭС-2 қызметкерлері марапатталды

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай бекітілген «Эколог күні» кәсіби мерекесі аясында экология саласының дамуы мен өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың Құрмет грамотасымен Қоршаған ортаны қорғау қызметінің басшысы Даурен Абельдинов, ал Алғыс хатымен Қоршаған ортаны қорғау қызметінің инженері Анель Булхаирова марапатталды.

Бұл жоғары марапаттар – олардың қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және табиғатты сақтауға бағытталған қажырлы еңбегінің лайықты бағасы.

Екібастұз ГРЭС-2 станциясының Басқарма төрағасы Булат Кашаганов марапат иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, атқарған жұмыстары мен кәсіпорынның экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ алдағы қызметтеріне толағай табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктер тіледі.

Марапаттарыңыз құтты болсын!
Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, табиғатты қорғау жолындағы игі істеріңіз жемісті бола берсін!


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою