Екібастұз ГРЭС-2 станциясы қызметкерлері арасында Солнечный кентінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Плоггинг» экологиялық акциясы өтті.

Акция барысында қатысушылар пайдалы істі денсаулықпен ұштастырып, жүгіру кезінде аумақтарды қоқыстан тазартты. Табиғатқа жанашырлық танытқан қызметкерлер қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып, экологиялық мәдениетті насихаттады.

Плоггинг – бұл спорт пен экологияны біріктіретін заманауи қозғалыс. Қатысушылар уақыттарын тиімді өткізіп қана қоймай, қоршаған ортаны көркейтуге де атсалысты. Осындай игі бастамалар табиғатқа деген жауапкершілікті арттырып, ұжымдық бірлікті нығайта түседі.

Таза қоршаған орта – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Табиғатты аялау арқылы біз болашақ ұрпаққа таза әрі жайлы өмір сүру ортасын қалдырамыз.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою