«Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Екібастұз ГРЭС-1 алаңында өңір энергетиктерімен кездесу өткізді.

Кездесуге Екібастұз ГРЭС-2 станциясының қызметкерлері де қатысып, партия өкілдерімен пікір алмасты.

Шара барысында штаб өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарына тоқталды.

Кездесуде энергетика саласын дамыту, өндірістік әлеуетті арттыру, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамалар талқыланды.

Кездесу өзара диалог пен пікір алмасу форматында өтіп, энергетика саласы өкілдерінің ұсыныстары мен көзқарастарын жеткізуге мүмкіндік берді.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою