«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ «Жылу энергетикасы» және «Электр энергетикасы» бағыттары бойынша «Торайғыров университеті» КЕАҚ және академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында білім алуға арналған білім беру гранттарына конкурс жариялайды.
Жоғары білім алуға және «бакалавр» дәрежесін алуға арналған білім беру гранттары «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ қаражаты есебінен 2026 жылғы жалпы білім беретін оқу орындарының түлектеріне конкурстық негізде тағайындалады. Конкурс барысында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификатындағы нәтижелер ескеріледі (бейіндік пәндер — физика және математика бойынша жинаған баллдары есепке алынады).
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Жасы — жалпы білім беретін оқу орнының 2026 жылғы түлегі болуы;
- Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
- Соттылығы және/немесе әкімшілік құқық бұзушылықтары бойынша жазасы болмауы;
- Оқуды аяқтағаннан кейін міндетті еңбек өтеуге, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ -да міндетті түрде жұмысқа орналасуға дайын болуы;
- Грант бейініне (жылу энергетикасы және электр энергетикасы) сәйкес келуі.
Үміткерлерді бағалау критерийлері:
- Оқу үлгерімі және жетістіктері:
- аттестаттың орташа балы 3,7-ден төмен болмауы;
- бейіндік пәндер (математика, физика) бойынша бағалары;
- марапаттары, құрмет грамоталарының болуы;
- олимпиадаларға қатысуы және жетістіктері;
- шет тілдерін білуі.
- Мотивациясы және әлеуеті:
- болашаққа арналған жоспарлары;
- таңдаған кәсіби бағытын түсінуі;
- интеллектуалдық әлеуеті.
- Жеке қасиеттері және қосымша дағдылары.
- Әлеуметтік және қаржылық жағдайы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Жоғары білім алуға арналған білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер 2026 жылғы 25 тамызға дейін құжаттарын электрондық түрде ұйымдастыру комитетіне — «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Адам ресурстарын басқару басқармасына KAhmetov@gres2.kz электрондық поштасына ұсынуы қажет:
- Белгіленген үлгідегі бланкіде толтырылған өтініш;
- Білімі туралы құжаттың көшірмесі;
- ҰБТ сертификатының көшірмесі;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар тұлғалар таңдаған мамандығы бойынша білім алуға медициналық қарсы көрсетілімдерінің жоқ екендігі туралы медициналық қорытынды ұсынады;
- Мотивациялық хат (эссе);
- Әлеуметтік мәртебесін немесе қаржылық жағдайын растайтын құжаттар (қажет болған жағдайда).
Басым құқық
Білім беру гранттарын алу конкурсын өткізу кезінде, сондай-ақ баллдар тең болған жағдайда кандидаттар құрамына қабылдау кезінде төмендегі тұлғаларға кезектілік тәртібімен басым құқық беріледі:
- «Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғаларға;
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен
ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздарына (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарына, сондай-ақ ағымдағы оқу жылында президенттік және республикалық олимпиадалар мен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарына — таңдаған мамандығы олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәніне сәйкес келген жағдайда;
- Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға.
Құжаттарды қабылдау мерзімі — 2026 жылғы 25 тамызға дейін.
Анықтама телефондары: 8 771 937 4357, 8 771 937 4553
Энергетика болашағының бір бөлігі бол!