Mercuria–Wanji Holding Group халықаралық консорциумының өкілдері Павлодар облысындағы перспективалы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша келіссөздерді жалғастыру аясында Екібастұз ГРЭС-2 станциясына барды.
Сапар Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың халықаралық консорциум өкілдерімен өткен кездесуінің жалғасы болды. Кездесу барысында өңірде тау-кен, металлургия және энергетика салаларында ірі жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.
Талқылаудың негізгі бағыттарының бірі – өңір аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары болды. Атап айтқанда, белгіленген қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу, сондай-ақ Екібастұз қаласынан 30 шақырым қашықтықта электрометаллургиялық зауыт салу мүмкіндіктері қарастырылды.
Екібастұз ГРЭС-2 станциясына сапар барысында делегация кәсіпорынның өндірістік қызметімен және станцияның энергетикалық инфрақұрылымымен танысты.
Екібастұз ГРЭС-2 станциясының Басқарма төрағасы Булат Кашаганов қонақтарға станцияның ағымдағы қызметі, өндірістік көрсеткіштері, сондай-ақ кәсіпорында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы ақпарат берді.
Екібастұз ГРЭС-2 станциясына бару шетелдік инвесторларға өңірдің энергетикалық кешенінің мүмкіндіктері мен одан әрі ынтымақтастық әлеуеті туралы неғұрлым толық түсінік алуға мүмкіндік берді.
Мұндай жобаларды іске асыру Павлодар облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға және экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға ықпал етеді.