Екібастұз ГРЭС-2 станциясының қызметкерлері Құрылтай депутаттарын сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін марапатталды

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, тұрғындармен кездесулер ұйымдастыруға және «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттауға үлес қосқан азаматтарға партия төрағасы Айбек Дәдебайдың атынан Алғыс хаттар табысталды.

«Әділет» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Николай Дычко сайлау науқанының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, белсенділік танытқан барша азаматтарға алғысын білдірді.

«Бұл – бірлесе атқарған ауқымды жұмыстың нәтижесі. Әрбір штаб мүшесі мен белсенді партиялас өз үлесін қосты. Баршаңызға еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз үшін алғыс білдіремін», – деді Николай Васильевич.

Марапат – атқарылған еңбектің бағасы ғана емес, алдағы жұмыстарға берілген жаңа серпін.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою