Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және I-санаттағы техник-конструктор лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Жұмыс бағыты: жоғары сапалы конструкторлық жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету; техникалық тапсырмаларға, стандарттарға, нормаларға сәйкес аса күрделі, күрделі және орташа күрделіктегі бұйымдардың, бөлшектер мен тораптардың эскиздік, техникалық және жұмыс сызбаларын әзірлеу; конструкторлық жұмыстар саласындағы отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін зерделеу және қорыту.