Еңбекті қорғау күні

28 сәуірде дәстүр бойынша бүкіл дүниежүзінде «Еңбекті қорғау күні», яғни Өндірісте қайтыс болған немесе жарақат алған адамдарды халықаралық еске алу күні аталып өтіледі. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша, күн сайын дүниежүзінде жұмыс орнында 6000-ға жуық адам қайтыс болады, бұл көрсеткіш жыл сайын шамамен 10%-ға артып келе жатыр.
2022 жылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы – «Ортақ күш-жігерді біріктіре отырып, еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру» (Act together to build a positive safety and health culture). «Ортақ күш-жігер» деген сөз тіркесінен әрбір жұмыскердің қызметтің қауіпсіз жағдайларын қалыптастыруға қатысуы мен жауапкершілігі түсініледі.
Өндірістік қауіпсіздік жүйесін (бұдан әрі – HSE) жақсарту мәселелері мен үшін және жалпы, Қор үшін ең жоғары басымдық болып табылады. Негізгі құндылық адам өмірі болған және солай болып қала береді. Қор тобының барлық жұмыскерлері дерлік өз отбасыларына жұмыстан аман-есен оралуы тиіс.
«Самұрық-Қазына» АҚ-да ағымдағы жыл – «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» болып жарияланды. Біздің әрқайсымыз өндірістік қауіпсіздік жүйесін жақсартуға қосқан жеке үлесіміз бен қатысуымыз туралы ойлануымыз керек, жұмыс орындарындағы оқиғалар, жазатайым оқиғалар мен жарақаттанушылықтың алдын алудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге ықпал ететін нақты мақсаттар қоюымыз қажет.
Қордың компаниялар тобында үш жыл ішінде HSE саласында айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. 2021 жылы зардап шеккендер саны 2019 жылмен салыстырғанда 36%-ға азайды. Бірақ біз әлі де оң мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізе қойған жоқпыз. Біз Қор тобының барлық қызметкерлерінен өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелеріне жеке бейілділік деңгейін арттыруды күтудеміз. Ол үшін ойлау мәдениетін өзгерту және жоғары командалық рухты қалыптастыру қажет.
Кез-келген апаттың алдын алуға болатынына сенімдімін.10:45


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою