«Самұрық-Энерго» АҚ-ға 15 жыл

10 мамырда Қазақстандағы ең ірі электр энергиясын өндіруші және көмір жеткізуші – «Самұрық-Энерго» АҚ-ға 15 жыл толады.
Бұл күні 2007 жылы бұрыннан бар қуаттарды жаңғырту және жаңа өндіруші қуаттарды іске қосу жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты іске асыру үшін құрылған «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы әділет органдарында тіркеуден өтіп, өзінің өндірістік қызметін бастады.
Бүгінде «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг. Оның қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын беру, бөлу және өткізу; энергетикалық көмір өндіру.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою