ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу туралы

«AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалы жанындағы ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу туралы жобаны қолдау жөніндегі Екібастұз қалалық штабы жұмысын жалғастыруда.

Бүгін облыстық мәслихат депутаты Темірхан Кәрібай, қалалық штаб төрағасы, «AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы Нияз Макраев, штаб мүшелері, мәслихат депутаттары Татьяна Шмидт, Рустамжан Мамаджанов, Лязат Бекбергенова Екібастұз ГРЭС-2 станциясының жұмыскерлерімен кездесті.

Партиялықтар жүргізіліп жатқан конституциялық реформа және 5 маусымда өтетін референдум туралы ақпарат беріп, энергетиктердің сұрақтарына жауап берді.

— 1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқан референдум – Ата заңымыздың үштен бір бөлігін өзгертуі мүмкін. Сәйкесінше, еліміздің біршама маңызды салаларында өзгеріс болады, — деді Н.Макраев. — Конституцияға өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуі тек Қазақстанда емес, көрші елдерде де болып жатқан қалыпты саяси процесс. Себебі уақыт озған сайын заман талабы өзгеріп келеді. Оған сай болуымыз шарт.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою