ПАВЛОДАР БАРЫСЫ-2022

Екі күнге жалғасқан қазақша күрестен «Павлодар барысы-2022» республикалық «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу жарысының қорытындысы бойынша әріптесіміз, екібастұздық Әділет Нұрпейісов 2-орынға қол жеткізді.
Жарыстың жүлдегерлері ақшалай сыйлықтарға ие болды. Аталған додада үздіктердің бірі атанған әріптесіміз Әділет Нұрпейісов республикалық «Қазақстан барысы» сайысында Павлодар облысы намысын қорғайтын болады.
Енді спортшыларда маңызды кезең – “ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ” республикалық турниріне дайындық басталады.
Жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз және Павлодар облысының намысын лайықты қорғауға тілектеспіз.
Айта кетерлік жайт, Астана күніне орайластырылған “Қазақстан Барысы” ұлттық күресінен республикалық турнир өтеді, оның жеңімпазы Алтын белбеу, “тайтұяқ” олжасы мен 25 миллион теңгеге ие болады.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою