Күрделі құрылыс басқармасының жабдықтарды жинақтау бөлімінің 1 – санатты сапа жөніндегі инженер

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және II санаттағы сапа жөніндегі инженер лауазымында жұмыс өтілі  кемінде 2 жыл.

Жұмыс бағыты:  сапаны басқару жүйесін, стандарттарды, нұсқаулықтарды, әдістемелерді және сапа көрсеткіштерінің нормативтерін әзірлеуге, жетілдіруге және енгізуге қатысу, олардың сақталуын бақылау; жеткізушілерден келіп түсетін материалдар, конструкциялар мен бөлшектер сапасының қолданыстағы стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау; заңнама талаптарын, Қоғамда қабылданған БМЖ халықаралық стандарттарын және өз қызметі шеңберінде ішкі нормативтік құжаттарды сақтау.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою