Электр цехының электр машиналарын жөндеу тобының шебері

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Тиісті мамандық бойынша білімі болмаған кезде міндетті түрде алдын ала медициналық куәландырудан өткен және медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша жұмысқа жарамды деп танылған, өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Жұмыс бағыты: бағынысты персоналмен басшылық және әдістемелік жұмысты жүзеге асыру; алдын алу және жөндеу жұмыстарын орындау есебінен жабдықтың сенімді және экономикалық пайдалануға дайындығының берілген деңгейін қамтамасыз ету; еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін енгізу, еңбекті ұйымдастырудың басқа да прогрессивті нысандарын қолдану.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою