Адам ресурстарын басқару басқармасының бастығы

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары білім; жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары (магистратура немесе МВА дәрежесі, GRP, CIPD, SHRM немесе басқа да бағдарламалар) немесе НR -да халықаралық сертификаттау. Магистр дәрежесі болмаған жағдайда сертификаттың болуы міндетті; адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелерді, адам ресурстарын басқару әдістері мен құралдарын, Қазақстан Республикасының салалық және еңбек заңнамасын, корпоративтік басқару негіздерін білу; жалпы жұмыс өтілі 8 жылдан кем емес, НR – де – 6 жылдан кем емес, басшылық лауазымдарда-3 жылдан кем емес.

Жұмыс бағыты: Қоғам штатын қажеттілікті, Қоғамның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, талап етілетін кәсіптерді, мамандықтар мен біліктіліктерді қызметкерлермен жасақтау;персоналды дамыту және оны оқыту, басшылардың, мамандар мен қызметшілердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, Қоғамның қажеттілігін ескере отырып, жұмысшы кәсіптерінің персоналын даярлау және қайта даярлау, персоналды оқыту және дамыту процесінің тиімділігін бағалау; таланттарды басқару, бизнес-стратегияға сәйкес Қоғамның кадрлық әлеуетін дамыту;кадр саясатын әзірлеу және іске асыру, НR үдерістерін енгізу және жетілдіру, НR функцияларын біріктіру үшін жағдайлар жасау; НR саласындағы үздік практикаларды талдау және НR–стратегияны, саясат пен практиканы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу арқылы оларды қоғамда қолдануға ықпал ету,сондай-ақ қоғам персоналына тиімді инвестицияларды қамтамасыз ету мақсатында стратегиялық міндеттерді шешуге ықпал ететін НR жобаларын іске асыруды ілгерілетеді.

Түйіндемені “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға келесі электронды мекенжайға жіберу керек: GAtymtaeva@gres2.kz және байланыс телефоны: 8 (7187) 227510 (ішкі.337), 87719374 337

 


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою