Екібастұз ГРЭС-2-де №1 энергоблокты жөндеу басталды

Екібастұз ГРЭС-2 станциясында күзгі-қысқы кезеңде жүктемені алып жүруге дайындалу үшін жабдықтардың сенімділігін арттыру бойынша жұмыстар басталды.

Белгіленген кестеге сәйкес  2022 жылғы 21 мамырдан бастап №1 энергоблокта ағымдағы кеңейтілген жөндеу жүргізілуде.

Мамандардың назарында – қазандар, турбоагрегаттар, генераторлар, сондай-ақ қосалқы жабдықтарды  жөндеу.

Бұл процеске “ЭМ-Холдинг” ЖШС мердігерлік ұйымы және станцияның жөндеу персоналы  тартылған.

“ЕГРЭС-2 ст. “АҚ  №1 ст. энергоблогын жөндеу кезеңінде келесі жұмыс көлемін орындау жоспарлануда:

* П-57Р қазандығын, қазандық агрегатының қосалқы жабдықтарын жөндеу;

* №1 ст. К500-240 ЛМЗ  турбинасын жөндеу;

* №1ст. ТВВ-500-2ЕУЗ турбогенераторын жөндеу;

* электротехникалық жабдықтарды жөндеу (трансформатор, электр қозғалтқыштар).

“ЕГРЭС-2 ст.” АҚ  өз күшімен арматура мен регенерация жүйесін, тартқыш үрлеу механизмдерін, турбинаның қосалқы жабдықтарын  және  №1 энергоблогының басқа да технологиялық тораптарын жөндеу жүргізілетін болады.

Жоспарлы жөндеу жүргізу – станцияның күзгі-қысқы кезеңіне дайындық бойынша негізгі іс-шара. Бұл жабдықты қалыпты пайдалануға кедергі келтіретін анықталған ақауларды жою үшін қажет, оны жұмыс істеп тұрған жабдықта жасау мүмкін емес. Жоспарлы жөндеу жұмыстарын уақтылы және сапалы орындау энерго блоктарының жұмысындағы апаттардың қаупін азайтады.

Жыл басынан бері “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы”АҚ  2597 млн.кВтс астам электр энергиясын  өндірді.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою