Екібастұз ГРЭС-2 қызметкерлері Дүниежүзілік “World cleanup day” акциясына орайластырылған “Бірге таза Қазақстан” іс-шарасынан тыс қалған жоқ.
Экологиялық бастаманы қолдау корпоративтік рухты нығайтуға және электр станциясы ұжымын біріктіруге тағы бір себеп болды. Энергетиктер аумақты қоқыстан тазарту және оны абаттандыру жұмыстарын жүргізді.