«Самұрық-Қазына» қоры Екібастұз ГРЭС-2 станциясы жұмыскерлерімен IPO тақырыбы бойынша кездесу өткізді.

20 қыркүйек күні «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазпошта» АҚ, AIX және KASE Қазақстандық қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері еліміздің барлық өңірлерінде халықпен жүргізіліп жатқан кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізу шеңберінде «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-да болып, ГРЭС-2 және 1-ГРЭС еңбеккерлерімен кездесті.

Іс-шараға қатысушылар портфельдік компанияларды жекешелендіру және IPO бағдарламасын іске асыру барысы туралы айтып, Қордың бірінші IPO-кандидаты – «ҚазМұнайГаз» компаниясы туралы, бағалы қағаздар нарығында инвестициялаудың тетіктері мен тәуекелдері туралы негізгі ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ іс-шараға қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Энергетиктер өз кезегінде ықтимал инвестициялаудың тетіктері мен жолдары – инвестициялаудың белгілі бір түрлерінде салық салудың болмауы, брокерлік ұйымдардың тарифтері және акцияларды сатып алу кезінде брокермен ынтымақтастық қажеттілігі туралы нақтылайтын сұрақтарын қойды.

Ақпарат көзі: «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою