Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Самұрық-Энерго ЕТҰ өндірістік нысандарын аралау шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі мен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Серік Түйтебаев Екібастұз ГРЭС-2-де болды.
Жұмыс сапары барысында «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі станция жұмыскерлерімен кездесті, онда жақын арадағы жоспарлар талқыланды. «Біздің жемісті өзара іс — қимылымыз қойылған барлық міндеттерді тиімді іске асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін» — деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Серік Түйтебаев.
Содан кейін Директорлар кеңесі станцияның жұмысымен, оның ішінде блоктық және орталық басқару қалқанымен, химиялық цехтың жұмыс процесімен танысты. Сондай-ақ, делегация үшінші энергоблок жобасын іске асыруға арналған құрылыс алаңына барып, жоба шеңберінде келіп түскен жабдықты сақтау шарттарымен танысты. Станцияның қызметі туралы баяндамада «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Басқарма төрағасы Жандос Медеуов Директорлар кеңесіне үшінші энергоблогын орнатуды көздейтін «Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құру» жобасының іске асырылу барысы туралы хабарлады. Директорлар кеңесінің мүшелері жобаны іске асырудың оң динамикасын атап өтті.