Екібастұз ГРЭС-2 –ге “Самұрық-Энерго” АҚ Директорлар кеңесі жұмыс сапарымен келді.

Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Самұрық-Энерго ЕТҰ өндірістік нысандарын аралау шеңберінде “Самұрық-Энерго” АҚ Директорлар кеңесі мен “Самұрық-Энерго” АҚ Басқарма төрағасы Серік Түйтебаев Екібастұз ГРЭС-2-де болды.

Жұмыс сапары барысында “Самұрық-Энерго” АҚ Директорлар кеңесі станция жұмыскерлерімен кездесті, онда жақын арадағы жоспарлар талқыланды. “Біздің жемісті өзара іс – қимылымыз қойылған барлық міндеттерді тиімді іске асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін” – деп атап өтті “Самұрық-Энерго” АҚ  Басқарма төрағасы Серік Түйтебаев.

Содан кейін Директорлар кеңесі станцияның жұмысымен, оның ішінде блоктық және орталық басқару қалқанымен, химиялық цехтың жұмыс процесімен танысты. Сондай-ақ, делегация үшінші энергоблок жобасын іске асыруға арналған құрылыс алаңына барып, жоба шеңберінде келіп түскен жабдықты сақтау шарттарымен танысты. Станцияның қызметі туралы баяндамада “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма төрағасы Жандос Медеуов Директорлар кеңесіне үшінші энергоблогын орнатуды көздейтін “Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құру” жобасының іске асырылу барысы туралы хабарлады. Директорлар кеңесінің мүшелері жобаны іске асырудың оң динамикасын атап өтті.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою