Екібастұз ГРЭС-2 қызметкері 2023 жылғы самбодан Азия және Океания чемпионатының жеңімпазы атанды

Қазақстан астанасы алғаш рет самбодан 2023 жылғы Азия және Океания чемпионатын қабылдады. Жарыс 7-11 маусым аралығында ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қолдауымен ҚР Спорт және жауынгерлік самбо федерациясы ұйымдастырған ересектер,  жасөспірімдер, ұлдар мен қыздар, сондай-ақ шеберлер арасында “Билайн Аренада” өтті.

Даурен Мукушев, “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ автошаруашылығының жүргізушісі чемпионатта абыроймен өнер көрсетіп, 98 кг салмақ дәрежесінде шеберлер арасында (M-3 (45-49) алтын жүлдегер атанды.

Турнирге Түрікменстан, Австралия, Ауғанстан, Бангладеш, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иордания, Иран, Корея , Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Непал, Жаңа Зеландия, Палестина, Филиппин, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Тайланд, Өзбекстан, Жапония, Ресей және Қазақстан сияқты елдердің өкілдері қатысты.

Турнир 2023 жылғы Бүкіләлемдік жекпе-жек ойындарына іріктеу болды.

Әріптесімізді жарқын және лайықты жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою