10 маусым күні Екібастұз қаласы күнін мерекелеуге орай «Өнер» ҚМО алаңындағы үлкен мерекелік концертте қала әкімі Аян Бейсекин Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі және адал еңбегі үшін «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ жөндеу жөніндегі бас инженері Жалиев Серкбай Мустафинұлын «Екібастұз қаласы алдындағы еңбегі үшін» белгісімен марапаттады.
— Менің еңбегімді жоғары бағалағаны үшін алғыс айтамын және барлық қала тұрғындарын мерекемен құттықтаймын! Қаламыз одан әрі өсіп-өркендей берсін! – Серкбай Жалиев өз эмоцияларымен бөлісті.
Екібастұз ГРЭС-2 станциясының ұжымы туған Екібастұз қаласын 66-жылдық мерейтойымен құттықтайды.
Гүлденіп, көркейе бер Екібастұз!