Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Тиісті мамандық бойынша білімі болмаған кезде өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Жұмыс бағыты: жоспарлы-алдын алу жөндеулерінің кестелеріне сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау, жабдықтарды қайта жөндеудің алдын алу; МПС, ТДМ, ШШУ, ВУМ жөндеу жөніндегі тобының персоналына басшылық ету, еңбекті ұйымдастыру; бекітілген жүктемелер кестесіне сәйкес электр станциясының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін негізгі және қосалқы жабдықтарды сапалы жөндеумен қамтамасыз ету; бағынысты персоналды қажетті құжаттамамен, құралдармен, қосалқы бөлшектермен және материалдармен қамтамасыз ету.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: YuSamkov@gres2.kz және 8(7187) 227510(ішкі.330) телефоны арқылы хабарласу.