Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары білім (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жұмыс өтіліне талаптар қойылмай немесе орта техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімге (энергетика) және I санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Жұмыс бағыты: айналмалы механизмдердің діріл диагностикасы бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды жүргізу; жабдықтың діріл деңгейін қолданыстағы НТҚ-мен айқындалатын параметрлердің мәндеріне дейін төмендету.