Жөндеулер және күрделі құрылысты жоспарлау, бақылау басқармасының жөндеулерді жоспарлау және бақылау тобының I санатты жөндеу жөніндегі инженері

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті мамандық бойынша (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құралдар жасау, көлік процестерінің технологиясы және тасымалдауды ұйымдастыру (логистика), автоматтандыру және басқару, радиотехника, құрылыс) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және II санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл не тиісті мамандықтар бойынша инженер болып жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Жұмыс бағыты: станциялардың негізгі жабдықтарын жөндеу тиімділігін талдау; технологияның орындалуын және жөндеу жұмыстарының көлемін бақылау; негізгі жабдықтарды жөндеу шығындарын оңтайландыру.

Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: RBayadilov@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі.207) телефон арқылы хабарласу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою