Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және 1-санаттағы бухгалтер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, не қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында жұмыс өтілі кемінде 7 жыл.
Жұмыс бағыты:
құжаттарды өңдеудің бірыңғай технологиясын қамтамасыз ету; салыстырмалы және дұрыс салық есептілігін жасау; бюджетке салықтар мен төлемдерді есептеу және есепке алу.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: SUrazaeva@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі.358) телефоны бойынша хабарласу.