Есеп бөлімінің салық есебі жөніндегі тобының аға бухгалтері

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және 1-санаттағы бухгалтер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, не қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында жұмыс өтілі кемінде 7 жыл.

Жұмыс бағыты:

құжаттарды өңдеудің бірыңғай технологиясын қамтамасыз ету; салыстырмалы және дұрыс салық есептілігін жасау; бюджетке салықтар мен төлемдерді есептеу және есепке алу.

Түйіндеме  мен  дипломның   көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: SUrazaeva@gres2.kz  және 8 (7187) 227510 (ішкі.358) телефоны бойынша  хабарласу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою