“№ 3 ст. энергия блогын орната отырып, Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және реконструкциялау” жобасы бойынша қайта қоғамдық тыңдаулар өтті

Ағымдағы жылдың 12 мамырында Солнечный кентінің “Мақпал” МҮ “№ 3 ст. энергия блогын орната отырып, Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және реконструкциялау” жобасы бойынша қайта қоғамдық тыңдаулар өтті.
80-ге жуық адам, жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, жұртшылық (жергілікті тұрғындар мен қоғамдық қызметкерлер) және БАҚ қатысты.
Кездесу барысында “ЭКОМ” қоғамдық бірлестігі жобаны жақсарту бойынша ұсыныстар мен ескертулер білдірді, сондай-ақ жұртшылықтың сөздері тыңдалды.
Қоғамдық ұйымдардың өкілдері № 3 ст. Энергия блогының қоршаған ортаға әсерін қарастырды. “№3 ст. энергия блогын орната отырып, Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және реконструкциялау” жобасы бойынша қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есеп ҚР Бірыңғай экологиялық порталында еркін зерделеу үшін қолжетімді (ecoportal.kz).
“№3 ст.энергия блогын орната отырып, Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және реконструкциялау” жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді деп танылды, қайта қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы 18.05.2023 жылға дейін жарияланады.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою