2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақы орта есеппен 28% – ға өсті

Еңбекақы төлеудің жаңа шарттары бойынша есептелген қаңтар айы үшін жалақының түпкілікті есебін “ЕГРЭС-2 ст.” АҚ жұмыскерлері 5 ақпан күні алды және іс жүзінде бұрын атқарылған жұмыстың қорытындысын шығаруға болады. Осы аспектінің маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ есептелген жалақының әрбір тармағын түсіндіру үшін осы жылдың 21-25 ақпаны аралығында Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалымбек Ауталиповтың бастамасымен қоғам басшылығының еңбек ұжымымен кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесуге қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері мен кәсіподақ шақырылды.

Орташа айлық жалақының өзгеру динамикасы және жалақы деңгейін индекстеу мөлшері туралы экономика және қаржы жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары Ақмарал Сейдигалиева егжей-тегжейлі түсінік берді. Жалақыны көтеру тәртібіне, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің, жеңілдіктер мен өтемақылардың құрамы мен пайдаланылуына да тоқталып өтті.

Басқарма төрағасының м.а. Ғалымбек Ауталипов атап өткендей, – “Қызметтің әлеуметтік бағыттары біз үшін әрқашан да басым болып келді және басым болып қала бермек. Басшылық қолайлы әлеуметтік ортаны қалыптастыру мәселелері бойынша жыл сайын жоспарлы жұмыс жүргізеді. Осы жұмыс аясында біз ұжымның мүдделерін барынша ескереміз“.

Қатысушылар барлық қойылған сұрақтарға толық жауап алды. Жұмысшылардың жалақысын көтеру, әлеуметтік-еңбек мәселелері, еңбек пен демалыс үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері қозғалды. Көтерілген мәселелер акционерлердің қарауына жеткізіліп, мүмкіндігінше іске асырылатын болады.

Кездесу қорытындысы бойынша басшылық жемісті жұмысы үшін барлығына алғысын білдіріп, жоспарлы өндірістік және қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізу, барлық жобаларды табысты іске асыру жоғары кәсіби және үйлесімді ұжымсыз мүмкін болмайтынын атап өтті. Сондай-ақ, дәл қазір болып жатқан жаңалықтар мен оқиғаларға бейжай қарау мүмкін емес екенін атап өтті. – “Әлеуметтік желілердегі түрлі арандатуларды ескере отырып, сақтық танытуға, арандатушылыққа бой алдырмауға және тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз“, – деп басшылық бірлік пен бейбітшілік еліміздің басты құндылықтары екенін атап өтіп, сұрайды.

Айта кету керек, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақы орташа есеппен 28% – ға өсті, оның ішінде өндірістік қызметкерлерде де. Инженерлік-техникалық қызметкерлер мен әкімшілік қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 23% – ға өсті.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою