500 және одан жоғары партия мүшелері бар үздік БПҰ

Екібастұз МАЭС-2 станциясының БПҰ екінші жыл үздіктер қатарында.
«Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалында 2019 жылда жүргізілген партиялық жұмыс қорытындысы бойынша жиын өтті.
Нәтижесінде Екібастұз МАЭС-2 «500 және одан жоғары партия мүшелері бар үздік БПҰ» номинациясы бойынша жеңіске жетті, естеріңізге сала кетейік, байқау аймақтық деңгейде өтті. Алда Республика!
МАЭС-2 энергетиктері үшін – бұл үлкен жетістік. Нұротандықтар кәсіпорында ғана емес, қаланың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени өмірінде де белсенді түрде жұмыс жүргізеді. «-Біздің бастауыш партия ұйымымыз белсенді жұмыс атқаруда және оның әрбір мүшесі өз міндеттерін нақты біледі. Бастауыш ұйымымыз екінші жыл қатарынан жеңімпаз атануында әрбір партиялықтың еңбегі бар», – деп атап өтті «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ-ның БПҰ төрағасы Өмірхан Салманов.
Барлықтарыңызды жеңіспен құттықтаймыз және МАЭС-2 БПҰ-на жаңа табыс тілейміз!


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою