адам ресурстарын басқару басқармасының персоналмен жұмыс жөніндегі тобының кадрлар жөніндегі жетекші маманы

Біліктілікке қойылатын талаптар:

1) жоғары білім;

2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары (магистратура немесе МВА дәрежесі немесе басқа да бағдарламалар) немесе НR-де халықаралық сертификаттау;

3) адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелерді, адам ресурстарын басқару әдістері мен құралдарын, Қазақстан Республикасының салалық және еңбек заңнамасын, корпоративтік басқару негіздерін білу;

4) НR-дегі жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде НR 1-санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл.

          Жұмыс  бағыты:

1) кадрлық жұмыста міндетті құжаттар мен рәсімдерді орындау;

2) есепке алу құжаттамасының біріздендірілген нысандарына сәйкес бөлімшелер бойынша Қоғамның жеке құрамын есепке алуды жүргізу;

3) ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес Қоғам басшылары мен мамандарының кадр резерві жөніндегі құжаттарды дайындау;

4) белгіленген кадрлық есептілікті дайындау және ұсыну;

5) Қоғам жұмыскерлерінің  ПӘК және мақсаттар карталарын уақтылы дайындауы мен түзетуін бақылау және оларды Ережеге сәйкес өңдеу.

Түйіндемені “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға келесі электронды мекенжайға жіберу керек: KAhmetov@gres2.kz және байланыс телефоны: 8 (7187) 227510 (ішкі.357)


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою